Protenge.kz жобасын бастаған кезде қазақстандықтардың бюджеттегі шығындар туралы есеп беруге қатысты сұранысы жоғары деп ойладым, алайда сұраныстың тым жоғары екенін елестете алмадым», - дейді Джамиля. «Шарықтау шегі биыл жазға тура келген пандемия бұл сұранысты күшейте түсті. Білуімше, биыл елімізде 2011 жылдан бері кедейлік деңгейінің ең төмен көрсеткіші тіркелген. Яғни, Қазақстан халқы одан сайын кедейленді. Халық мұны күнделікті дүкенге баратын кезде сезінеді. Оның үстіне пандемия да әсер етпей қоймады. Бұл жағдайда халықта «ақша қайда?» деген сұрақ туындайтыны қалыпты жағдай. Біздің жоба бұл сұраққа белгілі бір дәрежеде жауап береді. Қазақстандықтардың өмір сүру сапасы көбінесе олардың құқығының сақталуына, оның ішінде мемлекетте ақша қажет бағытта жұмсауына байланысты.
Ең бастысы, қазір бақылау құралдары бар. Бұл құралдар жасалған кезде, билік қоғамға қандай күш бергенін сезбеген де сияқты. Бақылау құралдарын қаншалықты көп адам пайдаланса, ақшаны теріс мақсатта жұмсау соғұрлым қиын болады. Сондықтан, жобамда мен адамдарға бақылау құралдары қалай жұмыс істей алатынын көрсетемін, оны барлығы пайдалана алады. Адамдар ақшаның қайда жұмсалғанын сұрауға құқылы және бұл құқығын жиі пайдалану керек. Адамдарда мемлекеттегі қаржы мәселесін көтеру тыйым салынған деген пікір бар. Олай емес! Балабақша меңгерушісінен бастап, министрлерге, әкімдерге, президенттерге дейін әр деңгейде «ақша қайда?» деп сұрау керек. Бұл сұрақты адамдар жиі қойған сайын, өміріміздің сапасы біршама жақсарады. Бізде «ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң бар. Заңда адамның бюджетке қатысты әр тиынның қайда және не үшін жұмсалғанын, оның қаншалықты тиімді екенін білуге құқығы бар деп жазылған. Тиісінше, кез-келген адам жұмсалған тиынды сұрай алады.
Басқа бұқара ақпарат құралдарында, әлеуметтік платформаларда немесе медиада мемлекеттік шығындар туралы белсенді сөз қозғай бастағанын көргенде қуанып қаламын. Керемет емес пе, биылғы жылдың ең жақсы жаңалығы деп білемін.Уақыт талабымен пайда болған бұл тендеция ұнайды. Адамдардың сұранысы артқанын көруге болады.
Қараңыз, біз көптеген процестерді басқара алатын мемлекеттік сатып алу веб-сайты бар. Сайт ашық, ақпарат алу үшін ақша төлеудің қажеті жоқ. Біз бағдарламаны кезеңдерге бөліп, сайтты өмірде қалай қолдануға болатыны туралы нұсқаулық жасадық. Ата-аналарға «Балабақшаларда қандай өнімді және қандай бағамен сатып алғанын қалай бақылауға болады» деген нұсқаулық жасап, бақылауды қалай жүргізу керегін тәптіштеп көрсеттік. Бұл нұсқаулықты оқырман 1200 немесе 1300 рет сақтап алған, ал әлеуметтік желілелерде одан да көп таратылған. Алдағы уақытта мердігерлер туралы нұсқаулық жасаймыз. Аулаңызды кім жөндеп жатқанын біліп, қанша қаржы бөлгенін анықтай аласыз. Кез-келген студент өз университетін, оқушы мектебін осылай тексере алады.
Әдетте қарапайым өмірде қолдануға болатын басқа мәліметтер базалары бар. Керемет экономикамызбен мақтана алмайтынымызды ескерсек, бюджет қаражатын ұқыпты пайдалану - біздің басымдықтарымыздың бірі. Менің ойымша, пандемияға ұшыраған қазақстандықтар, көптеген қоғамдық қорлар, біздің жобамыз және басқа бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға айтарлықтай үлес қосты.
Ұсынысы мен бағасы жақсырақ болған, алайда тендерді басқаның жеңіп алғанын түсіне алмаған кәсіпкер; ауласындағы өткізілген жөндеу жұмыстарына көңілі толмаған адам, барлығы дерлік мемлекеттік шығындарды қадағалауы тиіс. Бұл туралы әлеуметтік желілерде айту керек. Айтпақшы, қазір «Әлеуметтік желілерде барлығы назар аудару үшін шағымды қалай жазу керек» нұсқаулығын дайындап жатырмыз. Прокуратураға шағымдану, әкімге шағымдану, әлеуметтік желілерге жазу, осы мәселелерге назар аудару және адамдарда шағымданудың заңсыз, ұят деген пікір болмағанын, мұның қалыпты жағдай болғанын қалаймыз. Мұның өмір сүру нормасына айналғанын қалаймын, өйткені құқымызды талап еткен сайын өміріміздің сапасы жақсарады.